Қалың қарда әбігерге түскен ақтөбелік көлік жүргізушілеріне арнайы тұрақтар ашыла бастады

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысында қалың қар түсіп, көлік жүргізушілерін әбігерге түсіре бастады, деп хабарлайды «Тілші». Өз кезегінде, жол жиегінде тұрып қалған көлік жүргізушілерін жылы орындарға орналастырып, тамақ беріп, жолға шығарып салу үшін жағдайлар жасала бастады. Бұл туралы облыс басшысы Бердібек Сапарбаев сенбі күні Хромтау ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындар алдында хабарлады.

«Қазіргі таңда қосымша техникалар алдыртып жатырмыз. Мүмкіндігінше, жолды дер кезінде тазалап, көліктердің қозғалысы қалыпты болуы үшін жағдай жасаймыз. Қосымша 40 техника алынды. Сондықтан еш уайымдамаңыздар, қиындықтарға жол бермейміз. Жол бойында қосымша автотұрақтар ашылып жатыр. Арнайы вагондар қойылады. Егер жолдың бойында көлік көбейетін болса, жүргізушілерін түсіріп, сол жерден тамақ беріп, кейін жолға шығарып жіберген дұрыс. Егер бір көлік тұрып қалса, артынан екіншісі тұрады. Солай, кептеліс пайда болады, оны өздеріңіз де білесіздер, — деді облыс басшысы.

Айта кетейік, облыс жолдарында төтенше жағдайларды болдыртпау үшін облыстық төтенше жағдайлар департаменті де әрекет етіп жатыр. Санаулы күн бұрын әлеуметтік желілердегі белсенді парақша иелерінің басын қосып, қыста жолда қалғандар болса, алдымен құтқарушыларға құлағдар ету керектігін жеткізді.

«Блогерлер мен әлеуметтік желілердегі өзге де белсенді азаматтармен бірлесіп, жұмыс жасасақ дейміз», — дейді «Тілшіге» берген сұхбатында облыстық ТЖД өкілдері.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: gid-str.ru

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *