Әкімдік алдында «Аллаһу акбар» деп айқайлауға жол берген Шалқар шенділеріне шара қолданылды

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдік ғимараты алдында белгісіз біреу «Аллаһу Акбар» деп айқайлап, қолындағы таяғымен ғимарат алдындағы шамдарды сындырған болатын. Осыған дейін «31 арнаға» сілтеме жасап хабарлағанымыздай, бейнежазбада «Аллаһу Акбар» деп айқайлап жүрген ашулы азамат көшедегі адамдар мен көліктерге ұмтылып, одан қалды қолындағы таяғымен әкімшілік алдында тұрған шамдарды сындырып жүрген еді. Өкінішке орай, видеодан қоғамдық тәртіпті бұзған адамды тоқтатуға әкімшілік қызметкерлері де, күзетшілері де шықпағанын аңғару қиын емес.

Күні кеше Шалқар ауданына жұмыс сапарымен барған облыс басшысы Бердібек Сапарбаев осы жайт төңірегінде сөз қозғады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен тараған деректерге қарағанда, аймақтағы бірқатар құқық қорғау, арнаулы және басқа да мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының қатысуымен кездесу өтті.  Оларға жергілікті  тұрғындар өздерін мазалап жүрген көкейкесті сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

«Аймақ басшысы таяудағы әкімдік ғимараты жанында орын алған төзгісіз жағдайды  атады.  Оның барысында белгісіз  ер адам бұзақылық іс-қимыл көрсетіп, жарық шамдарын сындырған. Оқиғаны дер кезінде ескермеген әкімдік қызметкерлері жазаланды. Кездесуге қатысқан облыстық соттың төрағасы Әкетай Мұратқали болған жағдайға құқықтық баға беріп, жиналғандарға қоғамдық тәртіпті бұзушының қылмыстық ісі аудандық сотқа түскен  сәтте, оның заңды мерзімде қаралатынын мәлімдеді» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *