Шалқарда болған Сапарбаев көлді құтқаруға күш салу керектігін айтты — TILSHI.KZ

Шалқарда болған Сапарбаев көлді құтқаруға күш салу керектігін айтты

Бөлісіңіз

Шалқар ауданына жұмыс сапарымен барған облыс басшысы көлге барып, ондағы қондырғылардың жұмысын көріп қайтты, деп хабарлайды «Тілші».

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен тараған мәліметтерге сүйенсек, Бердібек Сапарбаев «су пайдаланушылармен қайта жаңғыртылған шлюздің жұмысын талқылап, биіктігі 2,5  метр болатын 60 метрлік тоған құрылысының барысын көрді».

«Жеке кәсіпкер Ғанибек Сұлтанов аймақ басшысына өзінің балық шаруашылығы қызметі туралы айтып, негізгі мақсаты — балықты сақтап, оның көлемін кәсіпшілік деңгейге дейін ұлғайту екенін жеткізді», деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Кейін, әкімдіктен тараған мәліметтерге қарағанда, Шалқар қаласы тұрғындарымен кездесу кезінде облыс әкімі аймақ билігінің бірегей көлді оңалту мәселесін шешуге бар күшті жұмылдыратынын айтты.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *