Ақтөбедегі хоккей модулінің атауын халық өзі таңдайды

Бөлісіңіз

Ақтөбеде бой көтеріп жатқан Хоккей модуліне ат ойлап табуды облыс басшысы қала тұрғындарының өзіне қалдырды, деп хабарлайды «Тілші» «Ақтөбе ақпарат» орталығының инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап. Құрылыс нысандарын аралап жүрген Бердібек Сапарбаев қала әкімі Ілияс Испановқа арнайы конкурс ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетейік, Ақтөбеде осы күндері мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бірнеше нысан бой көтеріп келеді. Солардың бірін 11-ші ықшам ауданында салынып жатқан Хоккей модулі.

Конкурстың қандай формада өтетіні әзірге белгісіз. Ол туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі қосымша хабарлауы мүмкін.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

One thought on “Ақтөбедегі хоккей модулінің атауын халық өзі таңдайды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *