Ақтөбе облыстық спорт басқармасының басшысы Маханов қызметтен кетті

Бөлісіңіз

Ақтөбе облыстық спорт басқармасының басшысы Ескендірбек Маханов өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды «Тілші» «Диапазонға» сілтеме жасап.

Маханов аталған басқармаға 2014 жылдың қарашасынан бері басшылық етіп келді. Санаулы күн бұрын бюджет қаражатын жымқырды деп күдікпен «Ақтөбе» ФК бас директоры ұсталғанда, Ескендірбек Махановты да сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шақыртқан болатын. Оның қызметтен кетуі футбол клубына қатысты тергеуге байланысты ма, ол жағы белгісіз. Белгілісі, Махановтың өз еркімен қызметтен кету туралы арыз қалдырған.

Облыстық спорт басқармасынан хабарлағандай, басқарма басшысы орнына конкурс жарияланады деп күтілуде. Әзірге басқарманы 58 жастағы Мұрат Әлиев уақытша басқаратын болады.

«Тілші»

фото: prosportkz.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *