Бердібек Сапарбаев қаржы жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Бөлісіңіз

Ақтөбеде ұлттық валюта және қаржы саласының қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Оған облыстың қаржы басқармасы саласындағы ардагерлер, басқарма басшылары, аудандық қаржы бөлімдері, мемлекеттік, банк мекемелері мен Қазақстанның қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының мүшелері, екінші деңгейлі банктердің, сақтандыру компанияларының, қаржы даму институттарының өкілдері және т.б., барлығы 400-дей адам қатысты.
-Тәуелсіз мемлекеттің бар болуы және дамуы заманауи экономиканың ажырамас бөлігі, біздің еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығының басты атрибуттарының бірі – ұлттық валютасыз мүмкін емес. 1993 жылдың 15 қарашасы жас мемлекеттің дамуындағы кезекті саты символданған күн, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің енгізілген күні болып белгіленді. Сонымен бірге, 15 қараша тағы бір елеулі күн болып – Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлері үшін кәсіби мереке белгіленді, — деді өңір басшысы.
Бердібек Сапарбаев, мерейтой – өткенге көз салу, өткен жолды бағалау, болашаққа міндеттер қою екендігін атап өтті. Бұл жылдарды қаржыгерлер барлық қиындықтар, барлық сынақтар арқылы елмен бірге, бүкіл халықпен бірге абыройлы өткізді. Әрқашан, барлық сатыларда мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етті.
Қаржы саласының қызметкерлері күн сайын қиын міндеттерді шешеді, олар қаржы нарығының, бюджеттік процесстің, салықтық және банктік заңдылықты егжей-тегжейлі қарайды. Бүгін 27 ең үздік қызметкерлер облыс әкімінің алғыс хаттарымен, Ақтөбе облысының мемлекеттік, банк мекемелері мен Қазақстанның қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *