Маңғыстау облысында оқушы өрттен үш баланы құтқарып қалды

Маңғыстау облысында оқушы өрттен үш баланы құтқарып қалды

Маңғыстау облысында сегізінші сынып оқушысы өрт кезінде үш баланы аман алып қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтағы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 7 қарашада Бейнеу ауылында таңғы уақытты болған. Азан Балов көшесіндегі №52 үйде төрт, бес және алты жастағы балалар үлкендердің қарауынсыз қалып қойған. Олар сіріңкемен ойнап отырып, үйді өртеп жіберген.

Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Қожабекованың айтуынша, өрт туралы хабарды көршілері беріпті. Шақыртуға № 6 өрт сөндіру бөлімінің бригадасы жөнелтіліп, олар оқиға орнына келгенде үйдің жанып жатқанын көрген.

«Өрт кезінде үйде үш бала болған. Көрші үйдің баласы жанып жатқан баспанаға кіріп, балаларды терезеден шығарып алған. Осылайша ол балаларды құтқарып қалды», — деп хабарлады Гүлнара Қожабекова.

Сөйтсек, көрші үйдің баласы Қалдығараев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Ғалымжан Күзембаев екен. Ол балалардың өміріне алаңдағанын, сондықтан өртсөндірушілер келгенше күтпей, көмекке асыққанын айтып берді.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.