Жаңа айдар! Тілші тәжірибесінен. Алтынай Сағындықовадан 5 лайфхак

Бөлісіңіз

1. Қырағылық, сергектік. Журналист үшін кез келген жиналыс, басқосу маңызды. Сондықтан баяндаманы мұқият тыңдаған жөн. Сөз арасында ұтқыр сөйлем болады. Бұл бір жақсы ақпараттың тақырыбы.

2. Диктофон, телефон, фотоаппарат жыл он екі ай зарядтаулы болсын. Себебі, журналисте демалыс күні болмайды, ол уақыт талғамай жұмыс істейді. Демалыста жүрсеңіз де бәрі жаныңызда болсын.

3. Журналист үшін адамдармен тіл табысу маңызды. Сізге кез келген адаммен тең дәрежеде сөйлесу керек. Жұмыста дәулетті адамды да, нан таба алмай жүрген тақыр кедейді де көресіз. Байды көріп тамсанбауды, жоқшылықты көріп жиренбеуді үйреніңіз.

4. Жаяу жүріңіз. Журналисті аяғы асырайды. Жаяу жүрсеңіз тақырып табылады. Қарапайым өмірдегі кез келген қиындық үлкен тақырыптың бастауы.

5. Байланыс телефоныңызды қалдырыңыз. Қажет кезде адамдар өздері іздеп табады.

Ұқсас жаңалықтар

3 thoughts on “Жаңа айдар! Тілші тәжірибесінен. Алтынай Сағындықовадан 5 лайфхак

  1. Алтушка, джынды!!! күткенімдей, Сен ақылдысың ғоо. 1 және 4 кеңестер көңіліме қонды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *