Сапарбаев Байғаниндегі ми батпақ базардың ішін аралады

Байғанин ауданына сапары кезінде облыс басшысы Бердібек Сапарбаев ми батпақ базардың ішін аралады,  деп хабарлайды «Тілші». Езіліп жатқан «Ай Жібек» базарының халін көрген ол сауда орнындағы жағдайға көңілі толмайтынын білдірді. Дегенмен, аудан орталығы саналатын Қарауылкелді ауылының тұрғындары бұдан да нашар жағдай болғанын айтып, қазіргі күнге шүкіршілік ететіндіктерін жасырмады.

Ауыл тұрғындары базарға жаңа басшы келгелі біраз шаруа тындырылғанын айтты.

Байғанин ауданына сапары барысында облыс басшысы азық-түлік бағасының қымбатырақ екенін көрді. Оны жергілікті билік ауыл тұрғындарының азық-түлікті қарызға алып, әрі ақшаны кеш қайтаратындығымен түсіндірді.

Ауыл арасындағы жолдардың жайы да назардан тыс қалмады. Шалғай ауылдарды аралаған Б.Сапарбаев ондағы жолдар түгілі аудандар арасындағы жолдардың нашар екенін айтты. Сонымен бірге, байғаниндіктер ауыз су, жұмыссыздық, дәріхана тапшылығы мәселелерін қозғады.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Мақала ұнаса, бөлісіңіз...
Email this to someoneShare on FacebookShare on Google+Tweet about this on TwitterShare on LinkedInShare on VKPrint this page

3 thoughts on “Сапарбаев Байғаниндегі ми батпақ базардың ішін аралады

  1. Марат Төлепберген, Байғанин ауданындағы Орталық базардың жыл бойы балшыққа батып жатқан ештеңесі жоқ! Облыс әкімі келер уақытта болған өтпелі климаттық өзгеріс кезіндегі қолайсыз ауа-райының салдарынан болған балшыққа жергілікті биліктің еш кінәсі жоқ деп ойлаймын! Жоғарыда аталып өткендей базарға жаңа басшы келгелі базардың ішкі- сыртқы келбеті жөнделіп-тазарып оң өзгерістер байқалуда. Базардың ішіндегі жолға асфальт немесе қатты жабынды төсеу ол енді уақыттың еншісінде. Ал енді ауыз су, жұмыссыздық және дәріхана тапшылығы мәселелері артықтау жазылған секілді….Себебі, ауылда шүкір, жұмыс жасаймын деген адамға барлық мүмкіндіктер қарастырылған, ЖҚЖК-2020 бағдарламасының өзінде еңбек етемін деген адамға барлық жағдай қарастырылған…Сонымен қатар ауыз су мәселесі дейтіндей ауылдың құрғап жатқан ештеңесі жоқ. Аудан орталығы және де бірнеше ауылдар орталықтандырылған су жүйесіне қосылған…Және де дәріхана тапшылығы туралы сөз қозғау мүлдем ақылға сыйымсыз.Аудан орталығында 5 дәріхана үздіксіз жұмыс жасап тұр! Сондықтан да ауданның тыныс тіршілігімен таныс болмасаңыз БАҚ-на мынадай мақала жарияламағаныңыз дұрыс. Аудан тұрғындары аталған үш мәселе бойынша сөз қозғауы мүмкін емес!

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.