Астаналық профессор жасаған операциядан кейін 4 жастағы ақтөбеліктің қолы толық қимылдайтын болды

Бөлісіңіз

Астаналық профессор ДЦП-ға шалдыққан 4 жастағы балаға операция жасап, сәбидің қолы толық қимылдайтын болды. Бұл туралы «Денсаулық» пойызының Ақтөбе облысына сапарын қорытындылаған жиында белгілі болды. Айта кетейік, «Денсаулық» пойызы 5 мыңнан астам ақтөбелікке ем-дом көрсетті, деп хабарлайды «Тілші».

Медициналық пойыздың Ақтөбе облысына бір ай көлемінде жасаған сапары қорытындыланды. Бас прокурор бастаған арнайы топтың құрамында Астана мен Алматы қалаларының дәрігерлері де болған еді. Облыстың бес ауданын аралаған пойыз дәрігерлері 5279 адамды карап үлгерді. Бұл туралы «Тілші» хабарлайды.
Бас прокурор Жақып Асановтың айтуынша, 1921 адам ем қабылдау үшін медициналық мекемелерге жолдама алыпты. 14 899 мектеп оқушысы профилактикалық тексеруден өтті. 1 055 оқушы емделетін болды. Астана мен Алматы қалаларынан келген дәрігерлердің қатарында 5 профессор, 8 доцент, 12 медицина ғылымдарының кандидаты бар. Дәрігерлер осы уақыт аралығында 9637 адамды тексеріп шықты. 1800-іне көмек көрсетілді. 301 адам республикалық орталықтарға жолдама алды. 770 науқас сол жерлерде емделді.
«Мәселен, профессор жерлестеріңіз, Серік Ақшолақовқа Астанада кезекте тұрғандар бар. Тіпті сонау шетелден жазылып, айлап кіре алмайтындар аз емес. Серік Қуандықұлы 12 ақтөбелікті тексеріп, оның 6-уына Астана қаласында ота жасайтын болды. Ғылыми кардиология институтының мамандары Мұғалжар ауданында шеберлік дәрісін оқыды. Тұрғындарға консультациялар берілді. Жүрегі сыр берген жандарға нақты диагноздары қойылды. Өткен бір ай көлемінде аудандарда 56 операция жасалыпты. Ақхалатты абзал жандарға алғымсымыз шексіз. Олар жылы кабинеттерін тастап, үйлерін тастап, бір ай көлемінде ауыл-аймақты аралады. Ақтөбеліктердің өмірі мен денсаулықтары үшін күресті. Сіздердің жақсылықтарыңыз пациенттеріңіздің тілектерімен еселеп оралсын, — деді айлық сапарды қорытындылаған еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *