Жаңа айдар! Тілші тәжірибесінен. Ақбаян Болатқызынан 5 лайфхак

Жаңа айдар! Тілші тәжірибесінен. Ақбаян Болатқызынан 5 лайфхак
  •  Интервьюерлермен сұхбат қызықты болсын десең, қойған сұрақтарыңа тұшымды жауап алғың келсе, әуелі «иə» деп жауап беретіндей екі сауал қойғаның жөн. Содан кейін ғана ең маңызды сұраққа көшкенің дұрыс. Əйтпесе, бас салып «дүрс» еткізген сұрақтан кейін əңгімең жараспай қалуы мүмкін.

 

  • Материал жазарда пайдаланатын ақпаратты үнемі тексеріп ал. «Гуглдеткен» дұрыс, бірақ, мүмкіндігінше, ресми сайттардан нақтылаған жөн. Əйтпесе, кей сайттарда да қате ақпарат болуы мүмкін.

 

  • Диктофон, микрофон, камера деген жақсы, əрине. Бірақ, тек оларға да сене бермей, керек ақпаратты қойын дәптеріңе де түртіп отырған ыңғайлы, əрі жұмысыңды жеңілдетеді. Уақыт жағынан ұтасың.

 

  • Материалыңда көтерген мәселенің соңы немен аяқталды, нəтижесін қадағалап отыру артықтық етпейді.

 

  • Кейбір маңызды ақпаратты шұғыл түрде телефонмен алатын кездер болады. Сондай кезде таптырмайтын, мобильді телефонға арналған түрлі бағдарламалар (қосымша) бар екен. Соның бірі -» Call Recorder». Телефоныңызға жүктеп алсаңыз болды, барлық əңгімені (телефонмен сөйлескендегі) жазып тұрады. Керегін сақтап алуға болады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.