Жұмабек Ақбаров, қырғыз әншісі: «Әндерім қазақша шырқалса тек қуанамын»

Бөлісіңіз

Қырғыздың жас әншісі таяуда алғашқы концертін туған жері Ош облысының Ноокат ауданында бермек. Осыған дейін бейнебаяндарының бірін Астана қаласында түсірген ол Қазақстанда да өнер көрсеткісі келетінін жасырмайды. Әзірге, оның бір әніне қазақ әншілерінің бірі «құда түсіп» қойса керек. Қырғыз әншісі ол үшін тек қуанышты екенін айтады.

Ош облысында дүниеге келген Жұмабек бүгінде мемлекеттік «Эл ТР» МТРК-ге қарасты «Эл ФМ» радиосында қызмет етеді.

Бүгінде репертуарында 9 ән мен 2 бейнебаян бар. Жаңа әндер де жазылып жатыр. Әні мен сөзін өзі жазған «Кешегі күн» әніне бейнебаян Астана қаласында түсірілді. Қырғыз баласы Қазақстанның бас қаласында жарты жылдай еңбек етсе керек.

«Қазақтар маған қонақжайлылығымен ұнады. Астанада достарым бар. Қазақ бауырларыммен хабарласып, әңгімелесіп тұрамын. Алдағы уақытта Қазақстанда тағы бір клип түсіргім келеді, — дейді ол.

12 қарашада кіндік қаны тамған Ноокат ауданында “Ааламга жол айылдан башталат” («Әлемге жол ауылдан басталады») деген атпен алғашқы концертін бергелі отыр.

«Онда лазерлік шоу элементтері қолданылмақ. Сол күнді тағатсыздана күтіп жүрмін. Мені қолдап жүрген жақын адамдарыма алғысым шексіз, әрине!», — дейді Жұмабек Ақбаров «Тілшіге» берген сұхбатында.

Концерт өткеннен кейін, амандық болса, «Апакемдин туулган күнү» атты әніме клип түсірсем деген ойы бар. Жас әнші мазмұнды, салмақты әндер орындағысы келетінін айтады.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

One thought on “Жұмабек Ақбаров, қырғыз әншісі: «Әндерім қазақша шырқалса тек қуанамын»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *