Журналистер С.Матаевқа сенiм бiлдiрдi

Бөлісіңіз

Қазақстан Журналистер одағы өзiнiң төрағасы Сейiтқазы Матаевқа сенiм бiлдiрдi. Бұл жө­нiнде одақтың кеңейтiлген отырысына қатысушылар мәлiмдедi.

Отырыста қабылданған қарарда “айыптау қорытындысы мен үкiмде бiрнеше рет қайталан­ған ақпарат комитетi мен “Қазақтелеком” арасындағы iскери байланысты Сейтқазы Матаев қылмыс­тық ниетпен және ақша жымқыру мақсатымен жүзеге асырған деген пайымдаулар құр­ғақ сөз” екенi атап көрсетiлдi.
3 қазанда Астана қаласының №2 Есiл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкiмi шығып, Қазақстан Журналистер одағының басшысын 6 жылға, оның ұлы ҚазТАГ ақпараттық агенттiгiнiң бас директоры Әсет Матаевты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған едi.
Халықаралық “Журналистердi қорғау коми­тетi” Қазақстан билiгiн Матаевтарға тағылған айыптарды жойып, оларды босатуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *