Жаңа айдар! Тілші тәжірибесінен. Индира Кереевадан 5 лайфхак

Жаңа айдар! Тілші тәжірибесінен. Индира Кереевадан 5 лайфхак

1. Әрдайым ақпарат, дереккөздер тізімін (источник) толықтырып отыру керек. Жаңа адамдармен танысып, арнайы телефон нөмірлері базасын жасақтау қажет. Сонда ғана ақпарат алу мүмкіндігі мол болмақ.
2. Алдыңа жағдай айтып, неше түрлі адам келеді. Солармен мейлінше шыншыл болған дұрыс. Оларда саған деген сенім болады, үміт артып келеді. Сондықтан, әбден тыңдап алу керек. Бұл ретте, олардың айтқандарын міндетті түрде диктофонға түсіріп алған жөн. Өйткені, ол өзің үшін керек. Дәлел ретінде.

 

3. Жұмысты жоспарлау да маңызды. Өз басым апталық газеттің тілшісі болғандықтан, аптаның соңында жеңіл, тақырыптық беттерді әзірлеп беремін. Ал, аптаның алғашқы жартысында салмақты, көлемді материалдар жазамын. Арасында күнделікті болып жатқан ақпараттарды да өңдеп үлгеріп, сайтқа орналастырып отыру керек.

 

4. Өзге ақпарат ленталарын, әлеуметтік желілерді қадағалап отыруға тырысамын. Өйткені, елде, әлемде не болып жатқанын біліп отыру артық болмайды. Қазір көпшілік әлеуметтік желілерде отырады. Ақпарат көзі де осы желілер. Рас, ондағы мәліметтердің қаншалықты рас екенін тексеріп алған жөн. Қай басылым не жазды, несімен озды, тақырыбын қалай қойды деген сияқты жайттарға мән беріп отырамын. Дегенмен, әр басылымның, әр журналистің өзіндік стилі сақталу керек.

 

5. Журналистикаға қатысты семинар-тренингтерге жиі қатысып тұрған жөн. Одан қалды ғаламторда вебинарлар көп ұйымдастырылады. Журналистік сайттар да аз емес. Мейлі, осы салаға жаңадан қосыл, мейлі еңбек өтілің он жылдан асса да, үйренудің артықтығы жоқ. Оның үстіне, санаулы жыл бұрын медиа саласы мүлдем басқа болды.

 

  1. Алтынгүл 27.10.2016, 21:49

    Рахмет Индира. пайдалы ақпарат

    Reply

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.