Ресей музыканты Аиша Выскубова Ninety Оne тобының әнін қазақ тілінде айтып шықты. Әншінің «Қайтадан» әнін орындап тұрған бейнеролигімен журналист Наталья Садықова фейсбуктегі парақшасында бөлісіпті.
Журналист қазақстандық топты Оңтүстік Кореяның Psy жобасымен теңестіріпті.
«Psy әлемді корейше шырқатты, демек 91 тобында да мүмкіндік бар», — дейді Наталья Садықова.