Ақтөбеде жастар арасында ұлттық спорттан ХХ ел чемпионаты өтті.

Бөлісіңіз

Ақтөбе ипподромында 15- 22 қазан аралығында өткізілген шараға республикадағы 9 облыстан 150-ге тарта шабандоздар келді. Шараға қатысушылар жамбы ату, теңге ілу, көкпар, аламан және тоқ бәйге және т.б ойындардан сынға түсті.
Сайысқа 16 қазаннан бастап көкпардан іріктеу басталса, 20 қазан күні жамбы ату, теңге ілу бойынша қатысушылар бағын сынады. Ал көкпардың финалдық кезеңі, аламан бәйге мен тоқ бәйге 22 қазан күні қортындыланды.
Көкпардан 1 орынды Оңтүстік Қазақстан, 2 орынды Жамбыл облысы, 3 орынды Маңғыстау мен Ақтөбе облыстары иеленді. Аударыспақ бойынша 5 салмақтағы 4 бас жүлдені жерлестеріміз қанжығасына байлады. Тоқ бәйге жүлделерін Әйтеке би ауданы, Қобда ауданы мен Қостанай облысы бөліп алды. Ал аламан бәйгеде топ жарған Алға ауданының 12 жасар шабандозы темір тұлпарды иеленсе, 2 орын мен 3 орын жүлделері Әйтеке би мен Қызылорда облысына бұйырды. Жүлделер қоржынына сәйкес, тоқ бәйгеге 1 млн теңге, көкпарға 300 мың теңге, аударыспақ ойынының жеңімпаздарына 30 және 20 мың теңге көлемінде сыйақылар берілді.
Шараны тамашалауға 3000-нан аса көрермендер жиналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың өткізілуі туралы алдын-ала әлеуметтік желілерде және БАҚ арқылы хабарландырулар берілген. Келушілер қарасының көптігі содан болса керек, — дейді олар.
Сондай-ақ ұлттық спортты қолдап келген облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа ҚР Ұлттық спорт федерациясының төрағасы Б.Тілеуханов ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.
-Бүгінгі үлкен мереке біздің жастарымыз үшін маңызды. Сондықтан ұлттық спортты жастар арасында кеңінен насихаттау жұмысын одан әрі жүргізу қажет. Облыста осы бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен ипподром жанынан иппотерапия орталығы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда облыста осы ем түріне мұқтаж 112 бала тіркеуде болса, 20-дан аса бала ем қабылдап жүр. Осының бәрі халықтың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар, — деді Б.Сапарбаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *