Баян Сәрсенбина: «Журналистерді тек өздерінің жеке мақсаттарына пайдалану үшін де жұмыс істейтіндерді білемін»

Бөлісіңіз

Баян Сәрсенбина, журналист:

— Қымбатты менің бұрынғы ақтөбелік шәкірттерім, қазір түрлі БАҚ-тарда жұмыс істеп жүрген қадірлі әріптестерім!
Мен сіздердің журналистік әдептен аттап кеткен кейбір сюжеттерді көріп, сайттағы жарияланымдарды оқыған соң ұяттан екі бетім өртеніп, тіпті не жазарымды білмей сасқалақтап отырмын. Адами мәселелерді, ардан аттаған жайттарды жазуға болатынын өздеріңіз де менен жақсы білесіздер, Сіздер мен сияқты кеңес өкіметінің журналистикасынан шыққан жоқсыңдар, сіздер алғыр, қабілетті, қазіргі журналистикадағы трендтердің бәрінен хабардарсыздар. Сіздер өте жедел ақпарат таратасыздар. Бірақ есі дұрыс емес адамның әрекеттерін соншама терең талдап суреттеп, оны экранда көрсетіп,мектеп жасындағы балалардың қылықтарынан маньяктың әрекеттерін көру үшін соны жазып отырған журналистің өзі де маньяк болуы керек пе?
Этика, тағы да этика! Мен сөз таппай отырмын. Осы әрекеттеріңді қоймасаңдар, менің жасыма келгенде қадір-қасиеттерің де, абыройларың да болмайды!
Мен түсінемін: журналист болу өте қиын, бәрің де бала-шаға асырап жүрсіңдер. Осы кезге дейін Ақтөбеде журналистерді ешкім қадірлеп көрген де жоқ. Биліктің журналисі, оппозицияның адамы деген екіге бөліп тастаушылықтың зардабын мен өзім де бірнеше жылдан бері тартып келемін.
Мен бәріне де куәмін, журналистерді тек өздерінің жеке мақсаттарына пайдалану үшін де жұмыс істейтіндерді білемін. Ақпарат құралдарының басшылары 2 мың теңге үшін журналистерді жалдамалы құл сияқты жұмсап отыр. Бірақ 2 мың теңге үшін қадірімізді кетірмейік.

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *