Баспаналы болған ата-ана өз баласына Жилстройбек деп ат қойды

Бөлісіңіз

Әлеуметтік желілер мен ұялы байланыс мессенджерлеріне Жилстройбек есімі берілген сәбидің туу туралы куәлігінің фотосы тарай бастады, деп жазады «Қазақпарат».

Ғаламтор қолданушылары ата-аналар Тұрғын үй жинақ банкінен баспана алғаннан кейін өз баласына сондай есім қоюға шешім қабылдағанын айтады. Алайда банктің Астанадағы бас кеңсесі аталған ақпаратты растаған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фотодағы мәліметтерге сенсек, туу туралы құжат Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында берілген. Жилстройбектің тегі -Батырбек. Әкесінің аты — Еркебұлан.

Біз Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің Астанадағы бас кеңсесіне хабарласып, ғаламтор арқылы тараған фотоның шын-өтірігін білген едік. Банк қызметкерлері ол жаңалық туралы естіген. Дегенмен, оны растап отырған жоқ. «Бұл фото коллаж да болуы әбден мүмкін. Біздің банкті жарнамалаудың бір әдісі шығар. Бірақ ол жаңалықты растай алмаймыз», — дейді олар.

Әлеуметтік желілер арқылы таралған құжаттың түпнұсқалығы расталмаса да, ғаламтор қолданушылары бұл жаңалықты әжуаға айналдырып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспана алған отбасыларға балаға ат қоюдың жаңа үлгілерін ұсына бастады. «Баланың аты қазақша жазылса,оның аты Жилстройбек емес, Тұрғынүйқұрылысжинақбек болуы керек қой», — деп жазды біреу. «Қыз туса, Жилстройгүл деп қоямыз!», — дейді тағы бір қолданушы.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *