Мюнхенге бір тәулікте 13 мың босқын барған — TILSHI.KZ

Мюнхенге бір тәулікте 13 мың босқын барған

Бөлісіңіз

Австрия арқылы келіп жатқан босқындарды қабылдауға Мюнхеннің мүмкіндігі таусылды деп ескертті бүгін Германия полициясы.

«Азаттықтың» хабарлауынша, таңертеңнен бері Мюнхен вокзалына 700-ден аса мигрант келген, ал кеше онда келгендердің саны 12 мыңнан асқан.

Мигранттарды үш күннің ішінде арнайы поездармен Германияның басқа аймақтарына жеткізу жоспарланған.

Осының қарсаңында Сербия арқылы Венгрияға төрт мыңнан астам мигрант кірген еді. Будапешт босқындар ағынына тосқауыл қою үшін Сербиямен шекарада биіктігі төрт метрлік дуал орнатып жатыр. Қыркүйектің 15-інен бастап Венгрияда бұрынғыдан қатаңырақ миграция туралы жаңа заң күшіне енеді. Оған сәйкес, шекараны заңсыз кесіп өткен адамдар тұтқындалатын болады. Сонымен бірге елден өзіне баспана беруді сұраған адамға қатысты шешім қабылдау процесін жылдамдату көзделген.

2015 жылдың басынан бері Еуропа Одағы аумағына Таяу Шығыс пен Африкадан 400 мыңнан аса мигрант барған.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *