Ақтөбе облысында әскерде аяусыз соққыға жығылған жігітті әке-шешесі үйінде кісендеп ұстап отыр

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысында 25 жастағы зіңгіттей жігітті әке-шешесі кісендеп ұстап отыр. Өйткені Азамат Боқанов талмасы ұстағанда ешкімге бой бермейді. Өзінің не істеп, не қойғанын да білмейді екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Тіпті жақында әкесінің саусағын шайнап тастаған. Ол мұндай дертке әскерде жүргенде шалдығыпты. Өзінің айтуынша, сол жақта сарбаздар жабылып ұрған. Кейін басшылары талмасы бұрыннан бар деген желеумен үйіне шығарып салған көрінеді.

Құмсай ауылында тұратын Боқановтар отбасы 25-тегі ұлын дәрменсіздіктен байлап ұстауға мәжбүр. Зіңгіттей жігіт талмасы ұстаған сәтте ешкімге әл бермей кетеді.

«Анда-санда «көтеріледі». Сол көтерілген кезде көшеге шығып біреуге зияны тиіп кете ме деген ой болды. Аяқ-қолы байлаулы тұрады. Сонда да сол саусағымды тістеп алды», — дейді Боқановтың әкесі Нұнбай Боқанов.

«Күндіз дені сау  адам құсап жүремін.  Әке-шешемнің қасында жатамын құттай бала сияқты. Былай-былай шыға да алмайсың. Шаршадым. Түсінбеймін. Емделгім келеді», — дейді Азамат Боқанов.

Бұл дерт жігітке әскерде тап болған. Ауыр соққы алған күні алғаш есінен танады. Үшаралдағы бөлім басшылары төбелес болғанын жасырып, оны эпелепсиямен ауырған деп еліне шығарып салған көрінеді.

Отан қорғаймын деп барып, ауру жамап қайтқан ұлының болашағына ата-анасы алаңдайды. Көтерілгенде аласұратын онымен арпалысып өздері де шаршаған. Осы күнге дейін көрсеткен мамандардың ешбірі нақты диагнозды қоя алмады. Тіпті жындыханаға жатқызған. Ондағылар сау деп шығарып салыпты.

Бұл отбасы емші десе елеңдеп, ұлдарының дертін анықтайтын маман іздеп отыр. Аймақтағы денсаулық сақтау басқармасындағылар ем-домымен айналысамыз деп уәде етті. Десе де, осындай жағдайға тап қылған әскерилердің әрекеті кеш болса да жауапсыз қалмаса деп тілейді ата-анасы.

Nur.kz

Ұқсас жаңалықтар

2 thoughts on “Ақтөбе облысында әскерде аяусыз соққыға жығылған жігітті әке-шешесі үйінде кісендеп ұстап отыр

  1. Жақсы салатын шымкентте бар сүлік алсын көп таяқ жеген жеріне басына. Алла шипасын берсін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *