Қарағанды облысында күйеу жігіт өзінің үйлену тойында жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Бөлісіңіз

Қарағандының 37 жастағы тұрғыны өзінің үйлену тойында мейрамханада қайтыс болған.

Күйеу жігіт Олегтің тұрмысы да жақсы, тұрақты жұмысы да болған деп хабарлайды «Криминальные новости» басылымына сілтеме жасап Nur.kz.

Ол алты жыл бірге жүрген қызы Анастасияға үйленбек болып, 23 қыркүйек күні той жасайды. Той Шахтинск қаласының мейрамханасында өтеді.

Олегтің қайыңатасының айтуынша, сол күні бәрі бұл қуанышты оқиғаны тойлап болып, жастар ары қарай тойламақ ниетте басқа бір мейрамханаға барған.

«Алты-жеті адам болып, олар қаладағы тағы бір мейрамханаға кетті. Ол таңғы сағат 4-ке дейін жұмыс істейтін», — деп айтып берді ол.

Оның айтуынша, ұрыс-керіс те, жанжал да болмаған.

«Даяшы қыз еш ұрыс-керістің болмағанын, күйеу жігіт барға жақындап барып, кенеттен есінен танып, бетон еденге құлап түскенін айтты. Бірақ, неге екенін белгісіз, оның қабырғалары сынық, бүйрегінің быт-шыты шыққан, ми-бас сүйегінің ашық жарақатын алған, сол жақ дабыл жарғағы жарылып кеткен», — дейді қалыңдықтың әкесі.

Ал бейнежазба болса, қарағандылық күйеу жігіт барға жақындаған тұсынан бастап кесіп алынған тәрізді. Себебі, бейнежазбаның осыдан кейінгі тұсы көрінбей қалып, ары қарай оның құлап жатқаны ғана байқалады.

Ес-түссіз Олегті жедел жәрдем Шахтинск орталық ауруханасына жеткізеді. Онда оның бас сүйегіне ота жасалады. Бұл уақытта күйеу жігіт есін жимаған.

2 қазан күні, оның жүрегі тоқтайды, ол есін жимастан қайтыс болады.

«Өте түсініксіз жайт, құлап түсіп, осындай жарақат алуға бола ма? Мейрамханадағы күзет қайда? Видеожазбаның қалған бөлігі қайда?», — дейді қалыңдықтың туысқаны.

Қайтыс болған күйеу жігіт анасының жалғыз ұлы болған деген ақпарат бар.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *