Ақтөбеде «Европа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» ХV Қазақстан-Ресей халықаралық көрмесі басталды

Бөлісіңіз

«Aktobe Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумының қатысушылары ХV Қазақстан-Ресей халықаралық өнеркәсіп көрмесін аралады.

Қоныс спорт сарайында бүгін басталған үлкен көрменің ұйымдастырушылары Ақтөбе облысының әкімдігі, Орынбор облысының Үкіметі және «Ақтөбе облысының кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» ҚБ.

Көрменің мақсаты: Ресей Федерерациясы мен Қазақстан Республикасы өңірлері арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, қоғамдық ынтымақтастықты дамыту, Ақтөбе мен Орынбор облыстары арасындағы қатынастарды нығайту, бірлескен бизнес жобаларды, сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамыту, кеден одағы мен бірыңғай экономикалық кеңістік шарттарындағы шекарасыз ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін бақылау.

Осымен 15 мәрте өткізіліп отырған «Европа-Азия. Шекарасыз ынтымақтасты- Қазақстан мен Ресей өңірлік интеграцияны тереңдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда. Екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы тұрақты оң үрдістер біздің елімізде бизнесті дамыту үшін кең мүмкіндіктерді ашады. Осылайша біз мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді орындаймыз. Көрші мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен достық байланыстарды кеңейтуде Қазақстан-Ресей өнеркәсіп көрмесі айтарлықтай үлес қосып келеді. Бұндай іс-шаралар қазақстандық және ресейлік кәсіпорындар өнімдерін ілгерілету үшін және шекаралас өңірлердің инновациялық, инвестициялық, туристік әлеуетін тиісті деңгейде таныстыруға тамаша мүмкіндік,- деді Бердібек Сапарбаев көрме жұмысының ашылу сәтінде.

Халықаралық көрме жұмысына Қазақстан және Ресейдің 22 қаласы мен аудандарынан 140-тан астам төмендегідей бағыттар бойынша кәсіпорындар қатысуда: машина жасау, аспап жасау, мұнай-газ өнеркәсібі, энергия және ресурсты үнемдеу, құрылыс индустриясы, арнайы техника, автокөліктер, ауыл шаруашылығы, химиялық, жеңіл, тамақ, және жиһаз өнеркәсібі, халықтық қолданыс тауарлары, киім және т.б. салалардағы қызметтер.

Қазақстан тарапынан «Ақтөбе хром қосындылары зауыты», «Ақтөбе мыс компаниясы»,

«Восход – Oriel», «АРБЗ», «Стройдеталь», «Склад ОВ» Алматы компаниясы, Қазақстандағы алюминий жылыту радиаторларын шығаратын алғашқы зауыт — TIPIDO, Қазақстандағы бірегей голландтық технология бойынша жиектас шығаратын жалғыз өндіруші — «Камни Азии» ЖШС, шымкенттік «Зерде-Керамика» ЖШС және т.б. Ресейлік экспозицияға қатысушылар арасында «Завод котельного оборудования» (Белогород облысы), «Орский завод электромонтажных изделий», «Кувандыкский завод ПАО, «Долина» КПО, «Оренбургский завод ТЭНов «КВАНТЭМ», «Новотроицкий завод «Арго», «МК ЖеЛеН» ООО, «Оренбургская чайная фабрика», «Новотроицкий мясокомбинат» және т.б. бар.

Сондай-ақ, өнеркәсіп және сауда үшін машиналар шығаратын түріктің OSMAK RULO MAKİNA SAN. VE TİC.LTD.ŞTİ. өз өнімін таныстырды.

Көрменің іскерлік сипаты Ақтөбе және Орынбор облыстарының сауда-экономикалық маңызы бар сұрақтарын талқылауға бағытталған әртүрлі семинарлардан, дөңгелек үстелдерден және таныстыру рәсімінен тұрады.

Бүгін 28 қыркүйекте Ақтөбе мен Орынбордың жетекші клиникаларында емделудің жаңа технологиялары мен мүмкіндіктері, ауылшаруашылық саласындағы шекаралық ынтымақтастық мәселелері сөз етілетін дөңгелек үстелдер өткізілді.

Ертең көрме аясында ауылшаруашылық өнімін өндірушілер мен өңдеушілердің, сауда желілері өкілдерінің іскерлік кездесуі өтеді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *