715 мыңнан астам ақтөбелік 2016 жылдың соңына дейін табиғи газбен қамтамасыз етіледі

Бөлісіңіз

2016 жылдың соңына дейін Ақтөбе облысының барлық аудандары газдандырылады.

Елбасы тапсырмасын орындау үшін өңірде халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша, атап айтқанда елді мекендерді газдандыру шаралары жүргізілуде. Жобаларды жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен қыруыар қаржы бөлінуде. Облыста жыл сайын 4 млрд текше газ өндіріледі, қазіргі таңда 695 мыңға жуық адам тұратын 375 елді мекеннің 101-і газдандырылған.
Облыс әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған «ҚазТрансГазАймақ» АҚ инвестициялық қаржы есебінен Ойыл ауданының Ойыл, Әйтеке би ауданының Комсомол, Қарғалы ауданының Қос-Естек ауылдарынан, Ырғыз ауданының Ырғыз, Алға ауданының Үшқұдық ауылдарының ішіне жалпы құны 5,9 млрд. теңге болатын ұзындығы 293 шақырымдық газ құбырын тартты. 2016 жылдың шілде айында бюджет қаржысы есебінен 2014 жылы басталған Мәртөк ауданының Жайсаң ауылына қарай өтетін газ құбырының құрылысы аяқталды.
Бұдан өзге, ағымдағы жылы Мәртөк ауданының Казанка, Қарғалы ауданының Жосалы, Кемпірсай, Шалқар ауданының Байқадам, Шетырғыз ауылдарын газдандыру жобаларын жүзеге асыру басталды.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен жасалған меморандумға сай құны 14,3 млрд. теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылады. Оның ішіне ұзындығы 316,8 шақырым газ құбыры тартылатын Әйтеке би ауданының Комсомол, Ойыл ауданының Ойыл, Қарғалы аудананың Қос Естек, Мұғалжар ауданының Талдысай, Еңбек, Алтынды, Хромтау ауданының Аққұдық ауылдарын газдандыру, Ақтөбе және Қандыағаш қалаларындағы Ақтөбе газ тарату бекетінің құрылысы кіреді.
2016 жылдың соңына дейін барлық 12 аудан орталықтары газдандырылып, 109 елді мекенде тұратын 715 тұрғын газбен қамтылады деп күтілуде.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *