Қазақстан — Англия матчы Ақтөбеде өтеді

Бөлісіңіз

6 қазан күні Ақтөбе қаласының Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда 2017 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Англия жастар құрамаларының матчы өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 20:00-де басталады.

Вахид Масудов баптайтын Қазақстан жастар құрамасы Дидар Жалмұқан, Максим Федин, Еркебұлан Тұңғышбаев, Тимур Рудосельский және т.б ойышыларға сенім артады. Ал, Англия құрамасында Рашфорд, Лофтус-Чик, Редмонд, Уорд-Проуз сынды жұлдызды ойыншылар бар.

Ақтөбе қаласы Қазақстан жастар құрамасының ойынын алғаш рет 2007 жылы қабылдаған еді. Сол жылы Қазақстан жастар құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу матчында Грузия футболшыларымен кездесіп, 4:1 есебімен ұтқан еді. Ерзат Кенбаев пен Азат Нұрғалиевтің қарсыластың қақпасына қос-қостан соққан голдарын жергілікті жанкүйерлер ұмытқан жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *