«Каzakh TV» мен «Бiлiм және мәдениет» бірігеді

Бөлісіңіз

«Каzakh TV» мен «Бiлiм және мәдениет» арналары бiрiктiрiледi. Өзгерген арна 25 қазаннан бастап «Каzakh TV» атауымен эфирге шығады. Бұл туралы ОКҚ брифингi барысында «Хабар» АҚ басқарма төрайымы Алмагүл Ахметжанова мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Трансформация барысында маңызды шешiмдер қабылдауға тура келдi. Мәселен, солардың бірі – «Каzakh TV» мен «Бiлiм және мәдениет» арналарын бiрiктiруге қатысты. Бұл екi арнаның аудиториясы мен өндiрiлген контентi ұқсас. Қос арна да танымдық бағдарламалар дайындайды. Екеуi де тарих, мәдениет, дәстүр, бiлiм, туризмге баса назар аударады. Бiз жаңа арнада осы бағыттардың сапасын одан әрi арттыруға мүдделiмiз. Бiрiктiрiлген арна ендi республика аумағында қолжетiмдi болады. Ол 25 қазаннан бастап «Каzakh TV» атауымен эфирге шығады», — дедi А.Ахметжанова.
Басқарма төрайымының айтуынша, қос арнаның бiрiгуіне қарамастан штат қысқармайды. «Бiлiм және мәдениет» арнасының қызметкерлерi бiлiктiлiгiне сәйкес бос жұмыс орындарына ауысады. Осы арнадағы кейбiр бағдарламалар «Каzakh TV» арнасында көрсетiлетiндiктен, сәйкесiнше, қызметкерлердiң бiр бөлiгi жаңа арнаға ауысады.+

Атап өтсек, «24 кз» арнасы 1 қыркүйектен бастап «Хабар 24» деп өзгерген болатын. Әзiрге «Хабар» агенттiгiне «Хабар», «Хабар-24», «Каzakh TV», «Бiлiм және мәдениет» сияқты 4 арна кiредi.

фото: TN.KZ

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *