Ақтөбеде құрбан шалуға болатын орындар белгіленді

Бөлісіңіз

Санитарлы-эпидемиологиялық қағидалармен талаптарды сақтау үшін Ақтөбе қаласының әкімдігі малды құрбандыққа шалу үшін арнайы орындарды белгіледі:

 ​• «Есік» ЖШС ет комбинаты (Мал базар ауданы);
• ЖК «Молдабеков» (Мал базар ауданы);
• «Кіші құм» шаруа қожалығы (Мағаджан орман шаруашылығы, Заречный-3 ауданы);
•  СПК «Айбек»  (41 разъезд ауданы);
• «Тандем» ЖШС (Хобда тас жолы бойындағы Оңтүстік-Батыс ауданы, тек қана ірі қара мал).

Заң нормаларына сәйкес, ішкі сауда объектілеріне, соңымен қатар базарларға түскен барлық жануарлардан өндірілген өнімдері, оның тағамдық қауіпсіздігін кепіл ететін, ветеринариялық құжаттары болмаған жағдайда, саудадан алынып, жойылуға тиіс.

Биылғы жылы Құрбан айт мейрамы 12-14 қыркуйек аралығында  тойланады, ҚР Еңбек кодексінің 96 бабына сәйкес мейрамның бірінші күні, яғни 12 қыркүйек демалыс күні болып жарияланады.

 Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *