Димаштың Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тартуы: Кезекті концерт Павлодар облысында өтті

Бөлісіңіз

Жас әнші Димаш Құдайбергеннің «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына — 25 концерт» бағдарламасы аясында кезекті концерттері Павлодар мен Ақсу қалаларында болып өтті. Оған келген мыңдаған көрермен жас таланттың өнеріне тәнті болып, ризашылықтарын білдірді.

Анасы, әнші Светлана Айтбаеваның айтуынша, кезекті концерт алдағы күндері Атырау, Маңғыстау облыстарында өтеді.

— Сонымен бірге, Семей, Өскемен, Тараз, Шымкент қалаларында өнер көрсетеміз, — дейді ол. — Жыл соңына дейін Ақтөбе мен Астана қалаларында қорытындылаймыз.

Димашты бүгінде Қазан мен Уфа қалаларына да шақыртып жатса керек. Ол жақтардағы қазақ диаспораларынан ұсыныстар келіп түскен. Анасының айтуынша, Димаш бүгінде оқуда. Дегенмен, уақыт пен мүмкіндік тауып, жақын шет мемлекеттерде де өнер көрсету жоспарда бар.

Айта кетейік, Димаштың 25 концерті Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылып отыр. Бағдарламада паттриоттық, әлемдік хит, қазақ композиторларының әндері, сонымен бірге, жас әншінің өз шығармалары бар.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *