Көшпенділер ойыны-2016: Қыршын шатқалындағы этноқалашыққа 288 киіз үй тігілді

Бөлісіңіз
ФОТО: Кенжетай АҚСЕЙІТОВ

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Қыршын тау шатқалында «Қырғыз ауылы» деген атаумен этноқалашық ашылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында Қыршын шатқалында 288 киіз үйден тұратын «Қырғыз ауылы» этноқалашығының салтанатты ашылы рәсімі өтті.

Этноқалашық 9 бөлікке бөлінді. Әр бөлікке Бішкек және Ош қалалары және Қырғызстанның 7 облысы 25 киіз үйден тікті.

Қонақтар қырғыздың ұлттық нақышында жасалған «Қырғыз ауылының» орталық қақпасынан өтті.

Этноқалашықты тамашалауға келген әрбір азамат қырғыз дәстүрімен танысуға кең мүмкіндік алды.

Концерттік бағдарламаны тамашалауға келген көрермендер Жапония мен Венгрия жауынгерлерінің өнерлеріне тәнті болды.

Ал Қытай керуені келген қонақтарға «Анцай» биін, мыс адамның өнерін, шай құю дәстүрін және т.б. салттарды көрсетті.

Сонымен қатар, этноқалашықтың дәл ортасында ең үлкен киіз үй Хан Ордасы тігілді. Оның жанында ең сыйлы қонақтарға арналған киіз үйлер орналасты. Сонымен қатар қалашықта 2 қарауыл мұнарасы, тутұғыры және «бута» мұранасы болды.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар төтенше жағдай қызметіне, арнайы және құқық қорғау саласына, медицина, шетелдік және жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған киіз үйлер тігілді.

Этноқалашықта шетелдік делегецияға өздерінің ұлттық үйлерін орналастыруға арнайы орын бөлінді. Әрі маңызды шарада жеке 60 киіз үй болды. Онда қонақтар мен көрермендер тамақтануға мүмкіндік берілді.

«Ұйымдастырушылар «Қырғыз ауылынан» жақын аумақта машина қоюға арналған орынға 87 мың 429 шаршы метр орын бөлді», — деп хабарлады ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойынының хатшылығы.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның Чолпан Ата қаласында ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтіп жатыр. Жаһандық жарысқа 58-ден астам елдің 600 жүзге тарта спортшысы қатысуда. Олар 25 спорт түрінен бақ сынайды. Халықаралық іргелі шара туралы жаһанның 35 елінен көптеген белгілі ақпарат құралдары хабар таратуда. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 75 спортшы қорғайды.

ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 9 қыркүйек күні аяқталады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *