Қазақстаннан гуманитарлық көмек Бішкекке келіп жетті — TILSHI.KZ

Қазақстаннан гуманитарлық көмек Бішкекке келіп жетті

Бөлісіңіз

Бүгін Бішкекте сел мен жер сілкінісінен зардап шеккен Қызғызстанның оңтүстік өңірлерінің тұрғындарына арналған Қазақстаннан жеткізілген гуманитарлық жүкті Қырғызстан ТЖМ өкілдеріне берудің ресми рәсімі болды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Қазақстан тарапынан оған Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің бірінші хатшысы Жарас Уанасов пен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті филиалының директоры Алимус Жақанов қатысты.

«Қазақстан Қырғыз Республикасына жалпы сомасы 110 млн. теңгенің гуманитарлық жүктерін жіберді. Ресми гуманитарлық көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі қаулысына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен бөлінді», — деп атап өтті Уанасов.

Өз кезегінде Қырғызстан ТЖМ өкілі Руслан Тоқтомомбетов Қазақстан Үкіметіне алғысын білдірді және бұл гуманитарлық көмек зардап шеккен аудандар халқын уақытша лагерлерде барынша жайластыруға мүмкіндік береді және екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға, жедел дамуға елеулі ықпал етеді деп атап өтті.

«Бүгін 6 вагон гуманитарлық жүк келді. Бұлар — 5540 орынға есептелген уақытша тұруға арналған, барлық қажетті құралдармен жабдықтьалған  шатырлар. Таяудағы күндерде тағы бір вагонның келуі күтілуде. Бұл Қазақстан көрсетіп отырған алғашқы гуманитарлық көмек емес, қазақ бауырларымызға мың да бір рахмет!», деді Р.Тоқтомомбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *