Ақтөбе облысында қуаттылығы жылына 5 мың тонна консерві шығаратын өндіріс орны ашылды

Ақтөбе облысында Конституция күніне орай бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандар ашылды. Консерві өнімінің жаңа өндірісін іске қосуға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

«Айбек» ауылдық тұтыну комбинаты 2007 жылы Алға ауданында он шақты шаруа қожалығы негізінде құрылған болатын. Өзінің жер телімдері мен бір ауысымда 8 тоннаға дейін өнім өндіретін мал сою цехы бар.

Бас директор Самат Қалдығұлов жобаның жалпы құны 550 млн тонна екендігін айтты. Жобалық қуаты жылына 1500 тонна шұжық өнімін, 4680 консерві өнімін, 300 тонна жартылай фабрикатты құрайды. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 60 жаңа жұмыс орны ашылды.

-Елбасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмасын орындау мақсатында облысымызда кәсіпкерлік субъектілерін, тауар өндірушілерге  қолдау көрсету шаралары қолға алынып жатыр. Нәтижесінде облыста импортты төмендетіп, ақтөбеліктерді жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз ететін жаңа өндіріс орындары ашылуда. Цехтың ашылуы өңірдің консервіге деген қажеттілігін қамтамасыз етіп, нарықты қазақстандық өніммен қамтуға ықпал ететін болады, сонымен қатар Ақтөбе облысында өңдеу мәселесін шешуге мүмкіндік береді,-деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев жаңа өндіріс орнын қарап шықты. Консервілеу цехы ауысымда бұқтырылған сиыр еті, жылқы, қой, жарма және басқа да өнімдері бар шамамен 5 мың түрлі банка шығаратын болады. Кәсіпорынның шұжық цехын ашу жоспары бар, алдағы уақытта ысталған ет өндірісін орнату көзделген. Өнімдер екі ішкі нарықта сатылады және көрші елдерге экспортқа шығарылады.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *