Ақтөбенің 41 жастағы тұрғыны 14-ші перзентін дүниеге әкелді

Бөлісіңіз

Ақтөбенің 41 жастағы тұрғыны 14-ші перзентін дүниеге әкелді. 26 тамызда Ақтөбе облысының перзентханасының дәрігерлері 41 жастағы Әлия Новикованы қабылдады. Бұл Әлияның 14-ші перзенті екен. Айта кетейік, нәрестеге Дамир деген есім берілді. Tengrinews.kz тілшісі перзентханаға барып, нәрестенің жағдайын біліп қайтты.

Баланың бойы — 58 сантиметр, ал салмағы — 4 келі 130 грамм. Дәрігерлер баланың денсаулығы жақсы екенін айтып отыр. Айта кетейік, енді Әлия мен оның күйеуінің 8 ұлы мен 6 қызы бар. Үлкен қызы 24 жаста болса, кіші ұлы 2,5 жаста екен.

Әлияның айтуынша, ол Құдай қанша бала берсе, сонша баланы босанғысы келеді екен. «Иә, қиын. Бірақ мен барлығы жақсы болатынына сенемін. Әрбір бала үлкен бақыт қой», — дейді ол.

Әлия ешқашан жұмыс істемеген екен. Ол есепші мамандығы бойынша білім алған. Бірақ көпбалалы ана бар уақытын балаларына арнапты.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл сирек кездесетін жағдай. «1990 жылдан бері мұндай жағдай алғаш рет болып отыр», — деді бас дәрігердің орынбасары Владимир Авраменко.

Сонымен қатар, дәрігерлер қазіргі уақытта әйелдердің сирек бала босануын біріншіден әйелдер мен ерлерде түрлі аурулар мен індеттердің таралғанымен байланыстырып отыр. Алайда көптеген отбасы бірнеше баланы материалдық жағдайға байланысты асырай алмайды екен.
Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/strange_news/aktobenn-41-jastagyi-turgyinyi-14-sh-perzentn-duniege-akeld-272275/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *