Ақтөбеде республикалық ретро әндер фестивальі өтті

Бөлісіңіз

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  және  Конституция күніне орай, «Ән-ғұмыр» республикалық ретро әндер фестивальі өтті. Шара облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылды. Еліміздің әр өңірінен өнерпаздар қатысқан фестивальде ақтөбелік көрермендер қосыла шырқады.

Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов және Нұрғиса Тілендиев сынды ұлы композиторлардың әндеріне арналған «Ән-ғұмыр» атты концерт ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта өтті.

Концертке Астана, Алматы қалалары мен Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облысының айтулы әншілері қатысты. Көркем безендірілген сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген әртисі Нұрлан Өнербаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жыршы-термеші Елмұра Жаңабергенова, «Қыздар-ай» тобы, Жадыра Арыстанова, Жанна Сандыбаева және басқа да республикаға танымал әншілер үш композитордың Қазақ радиосының алтын қорына енген қайталанбас әндерін тамылжыта шырқады.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның шараны ұйымдастырудағы мақсаты — жастарға атақты композиторлардың сазы мен сөзі үйлескен есті әндерін тыңдатып, олардың есімдерін халық жадында жаңғырту, мұраларын насихаттау.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да осындай ауқымды мәдени шаралар жалғасын таба бермек. Фестиваль соңында облыс әкімі Б.Сапарбаевтың атынан қатысушыларға ықылас гүлі табысталды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *