Ақтөбе облысында  қуаттылығы 160 МВт  газ-турбиналық электр станциясы іске қосылды — TILSHI.KZ

Ақтөбе облысында  қуаттылығы 160 МВт  газ-турбиналық электр станциясы іске қосылды

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ  «ГТЭС-45» қуаттылығы 160 МВт  газ-турбиналық электр стансасының салтанатты іске қосу рәсіміне қатысты.

ГТЭС-45 2008 пайдалануға берілген, мұндағы өңделетін электр энергиясының негізі тұтынушылары 3-ші Жаңажол газ өңдеу зауытының бірінші кезектегі нысандары болып табылады.

ГТЭС-45-тің жиынтық номиналды қуаты – 34 МВт, яғни бұл Жаңажол кен орнындағы электр энергиясына қажеттілікті толық өтемейді. Осыған байланысты электр станциясын кеңейту туралы шешім қабылданды, бұл  электрмен жабдықтау мәселесін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Ерекше тоқталар жайт, өңделген электр энергиясын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бөлімшелері пайдаланып қана қоймай, «Энергосистема» ЖШС-нің өңірлік энергиямен жабдықтаудың бірыңғай жүйесіне берілетін болады. Жоспар бойынша электр энергиясын меншікті тұтыну 2017 жылы 680 948 мың кВт/сағ. құраса, ал сыртқа, жоспар бойынша 2017 жылы 72 652 мың. кВт/сағ. беріледі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталмыш жобаның іске асырылуы, еліміздегі энергетикалық тәуелсіздікті ілгерілетуге зор үлес қосатынын атап өтті.

Энергетика – мемлекет экономикасының дамуының негізгі салаларының бірі. Қазіргі таңда облыстың электр энергиясына тәуелділік 620 МВт. құрайды. Осы күнге дейін электр энергиясына тапшылық 210 МВт құрады. Бірақ осы станцияның іске қосылуының арқасында бұл көрсеткіш 60 МВт дейін қысқарды. Осыдан 7-8 жыл бұрын Ақтөбе облысы көршілес Ресей елінен алынатын электр энрегиясына тәуелді болды. Мемлекет басшысы сол кезде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ алдына ілеспе газды шикізат ретінде пайдаланатын электр станциясын салу туралы тапсырма берген болатын,- деді облыс әкімі.

Электр станциясын кеңейту жобасы бойынша, өндірістік процестің тиімділігін арттыратын бірқатар инновациялық шешімдер қабылданды. Айта кетсек, турбиналарды салқындату үшін тікелей әуе салқындату жүйесі қолданылады. Бұл сумен салқындату турбиналарымен салыстырғанда суды 75%  үнемдейді.

Электр энергиясын өндіру үшін шикізат ретінде  тазартылмаған ілеспе газ қолданылады. Бұл газды пайдаға жарату туралы стратегиялық мәселені шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өзі өндірген газды пайдалану өнімнің құнын азайтады.

Құрылыстың жалпы құны – 26,6 млрд. теңге, соның ішінде құрал-жабдыққа 12,6 млрд. теңге қаражат жұмсалған. Құрылыс барысында 150-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған, станцияның іске қосылуымен 130 жаңа жұмыс орны ашылды.

Өңір басшысы жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған өндіріс орнын аралап көрді.  Кейін Бердібек Сапарбаев жұмысшылармен әңгімелесіп, еңбек және жалақы жағдайларымен танысты.

Айта кетейік, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жұмыс орындары қысқармаған және жұмысшылар алдында жалақы берешегі жоқ.

Содан кейін облыс әкімі Мұғалжар ауданындағы Мұғалжар селолық округіне барып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бос ғимаратты аралады, бұл жерде мәдениет үйін ашу жоспарланып отыр. Осы мақсатта «Көктас» АҚ қиыршық тас зауытының басшылығы  қаржы бөлген. Бұған қосымша «ЖКБ 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, орта мектепке жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Жұмыстардың жалпы құны 73 млн. теңге.

Мұғалжарда Бердібек Сапарбаев жергілікті тұрғындармен кездесіп, бүгінгі күні  маңызды болып отырған су, газбен жабдықтау және жол жөндеу мәселелерінің бірте-бірте шешілетінін айтты.

 Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі  

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *