Түркияда үйлену тойы кезінде теракт болып, 50-ге жуық адам көз жұмды (видео) — TILSHI.KZ

Түркияда үйлену тойы кезінде теракт болып, 50-ге жуық адам көз жұмды (видео)

Бөлісіңіз

Түріктің Газиантеп қаласында үйлену тойында орын алған лаңкестік салдарынан қаза болғандар саны 50-ге жетті.
Лаңкестік 20 тамызда жасалды. Адамдардың басым бөлігі сыртқа шыққан кезде жанкешті жарылғыш затты іске қосқан.

Қазақстан 20 тамызда Түркияда Газиантеп қаласында жасалған лаңкестікті үзілді-кесілді айыптайды, делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

«Газиантеп қаласында (Түрік Республикасы) ондаған адамның өліміне алып келген лаңкестікті үзілді-кесілді айыптаймыз. Қылмыскерлердің нысана ретінде кіршіксіз, таза неке қию салтанатты жиынын көздегені аса алаңдаушылық тудырды», – делінген СІМ Facebook-тағы ресми парақшасында жарияланған мәлімдемеде.

«Бауырлас түрік халқына, қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына шын көңілден қайғырып көңіл айтамыз», – деп атап өтіледі хабарламада.

ҚР терорризммен күресте әлемдік қауымдастықты қолдайды және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, осы салада күштерді үйлестіруге шақырады, – делінген мәлімдемеде.

Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп қаласындағы терактіні жасаған жанкештінің жасы 12-14 шамасында болған. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осылай мәлім етті. Оның айтуынша, жарылғышты жанкештінің өзі немесе басқа бір адам іске қосқан.

Әзірге лаңкестік топтардың ешқайсысы террорлық актіні мойнына алмады. Алайда Ердоған шабуылды ДАИШ ұйымдастырды деп мәлімдеді. «Еліміз бізге шабуыл жасағандарға тек: «Сендер мақсаттарыңа жете алмайсыңдар! деп жауап қатады» – деді түрік басшысы.

https://www.youtube.com/watch?v=DznW6Q-vE7U

stan.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *