Нұрлан Ноғаев Атырау облысында қанша жұмыс орны ашылғанынан хабарсыз басшыларды сөкті — TILSHI.KZ

Нұрлан Ноғаев Атырау облысында қанша жұмыс орны ашылғанынан хабарсыз басшыларды сөкті

Бөлісіңіз

Атырау облысының шенділері мемлекеттік қолдау аясында қанша жұмыс орны ашылғанын білмей дал болды. Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев қарамағындағы басқарма басшыларын бір сөгіп алды. Бұл туралы «Тілшіге» Атырау облысының әкімдігінен хабарлады. 

«Ашылған жұмыс орны туралы ақпаратты барлығыңыз біліп отыруларыңыз керек, — деді әкім. – Жауапкершіліктен қашып, жұмыстарыңыздың аясын шектеп отырсыздар. Әрбір басқарма бөлек әлемде өмір сүріп жатқандай. Бюджеттен бөлінген қаржы жұмыс орындарын ашуға жұмсалу керек. Кәсіпкерлік басқармасы ақшаның қалай жұмсалып жатқанын білмесе, жұмыс орнымен қамту басқармасы қанша жұмыс орны ашылатынынан хабарсыз болса, ауыл шаруашылығы басқармасы да бейхабар жүрсе, не үшін жұмыс істеп жатырмыз? Біздің мақсатымыз ақша бөлу емес, жұмыс орнын ашу, экономиканы дамыту. Бөлінген ақшаның қалай пайдаланылып жатқанын қадағалау керек, — деді Нұрлан Ноғаев.

Аймақ басшысы жобалардың жүзеге асырылу барысын жіті бақылап отыруды тапсырды. Сонымен қатар, басқармалар арасында тығыз байланыстың болуын қадап ескертті.

Айта кетелік, соңғы 4 жылда Атырау облысында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жергілікті бюджеттен 807 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы шаруаларға жылдық мөлшерлемесі 7 пайыз болатын қайтарымды несие түрінде берілді. Нәтижесінде қазір 163 жоба мақұлданып отыр.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *