Алматы зообағына ерекше жануар — лори әкелінді

Бөлісіңіз

Алматы зообағына ерекше жануар — лори әкелінді. Экзотикалық жануарларды жеке тұлға сыйлаған. Бұл туралы Алматы зообағының баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов айтты.

Оның айтуынша, 5 және 11 айлық маймылға ұқсас жануарлар қазір Алматының ауа райына бейімделіп келеді.

Олар жәндіктерден бастап ботқа, йогурт, жеміс жейді. Тәбеттері жақсы. Жабайы табиғат аясында құстармен, майда кесірткелер жәндіктермен қоректенеді. Негізінен Оңтүстік шығыс Азияда, Шри-ланка, Үндістан елдерінде көп таралған.

Содай-ақ, тамызда зообаққа Отырар ғылыми-зертету институтынан киіктер жұбы әкелінді.

Ғалымдардың айтуынша, олар жер бетін мамонттар дәуірінен мекен етіп келеді.

Тұмсығының ерекше құрылысына қарап ғалымдар оны қой тұқымдастарға немесе ешкі тұқымдастарға жатқыза алмай дал болған. Кейін зерттеулер кеңейе келіп, олардың антилопалармен ұқсастығы көп екендігі анықталды. Олар кең танауының арқасында шөлейтті жердегі шаңдардан қорғанып, бірі-бірімен тілдеседі екен.

Жануарлардың екі түрі де зообақ келушілерінің назарына қойылды.

inform.kz

фото: www.filipoc.ru

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *