Еңбекақыны уақытылы төлемеу мәселесі Ақтөбе облысы билігінің ерекше бақылауында

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асқар Шерияздановтың төрағалық етуімен қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және әлеуметтік еңбек дауларын ескерту бойынша штабтың кезекті отырысы болып өтті.

Отырыс барысында жалақы бойынша берешегі бар 10 кәсіпорын жетекшісінің есептері тыңдалды.

Штаб отырысының қорытындысы бойынша, облыс әкімінің орынбасары мемлекеттік органдар мен шақырылған кәсіпорын жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.

Нақтырақ айтқанда, 1 тамызға дейін қаражат көздерін көрсете отырып, жиналып қалған жалақыны өтеу кестесін әзірлеуді тапсырды. Еңбек инспекциясы жөніндегі облыстық басқармаға бақылау шараларын күшейтіп, еңбекақы бойынша берешектің бар-жоғын анықтау мәселелерінде құзырлы мемлекеттік органдармен өзара ынтымақтасып жұмыс жасауды тапсырды.

— Жалпы алғанда, облыстағы кәсіпорындар мен ұйымдардағы жалақыны уақытылы төлеу мәселесі бақылауда, құқық қорғау және тиісті мемлекеттік органдар анықталған жайттар бойынша қажетті шараларды қолға алып келеді, — деді облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов.

Облыс әкімінің орынбасары жұмысшыларға еңбекақыны уақытылы төлемеген шаруашылық субъектілерінің басшыларына жауапкершілікті күшейту керектігін де айтты.

«Ақтөбе ақпарат» орталығы

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *