КОРЕЙ КӘСІПКЕРЛЕРІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА НИЕТ БІЛДІРІП ОТЫР

Бөлісіңіз

 

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Кореяда танысу сапарымен болды.

2015 жылы Ақтөбе өңірі мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымы 92,3 миллион АҚШ долларын, оның ішінде экспорт 91,2 миллион АҚШ долларын, импорт 1 миллион АҚШ долларын құрады. Облыстың экспорт құрылымына ферроқорытпа, оксометалл және пероксометалл қышқылдарының тұздары кіреді. Импорт өнімінің негізі электрондық, машина жасау құралдары мен өнімдері, дөңгелек пен қақпақ, көлік құралдарының шанақтары (кабинаны қосқанда), автокөлік пен өзге де көлік құралдары болып табылады.

Ақтөбе облысының аумағында кореялық капиталдың қатысуымен 10 кәсіпорын тіркелген. Олардың қатарында LG International және кореялық ұлттық мұнай корпорациясының қатысуымен құрылып, мұнай кен орындарын барлаумен және өндірумен айналысатын «Фирма Ада Ойл» және «Алтиес Петролеум» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Қалған кәсіпорындар шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайды.

Оңтүстік Кореяға келген алғашқы күні өңір басшысы жергілікті ұлттық мұнай корпорациясының басшылығымен кездесті. KNOC мемлекеттік компаниясы 1979 жылдан бері мұнайды  барлау және өндірумен, оны стратегиялық түрде сақтаумен және ел ішінде таратумен айналысып келеді.

KNOC негізі қаланғаннан бастап жалпы өнімділігі 146 миллион баррель болатын мұнай қорының 9 жер үсті және жер асты қорын құрылымдады, мұнай іздеу жұмыстарында қуатты технологиялар мен ноу-хауды қолдайды. Нәтижесінде, бүгінде KNOC Солтүстік теңіздегі мұнай кен орны мен Солтүстік Америкадағы тақтатас газы кен орындарын қосқанда әлемнің 21 елінде өз жобасын жүзеге асыруда.

Бердібек Сапарбаев KNOC президенті Джанг Раэ Ким мырзамен «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» АКФ,«Фирма Ада Ойл» ЖШС дамуын талқылап, компаниялардың мұнай өңдеу деңгейін төмендетпеу және жұмыс орнын қысқартпау бойынша шаралар қолдануын сұрады.

IMG-20160727-WA0015

Сонымен қатар, ақтөбелік делегация бірнеше ірі медициналық мекемелерді аралады.

Одан кейін облыс әкімі ҚР елшілігінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, осы елдегі 50 компанияның басшыларымен кездесті. Өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылып, Ақтөбе облысы мен Оңтүстік Корея арасындағы серіктестікті кеңейту мүмкіндіктері туралы айтылды. Кездесу барысында ірі кәсіпкерлердің  бірқатары өңірдің өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болашағы бар жобаларға инвестиция салуға қызығушылықтарын білдірді.

— Президенттің тапсырмасын орындау барысында біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және импортты қысқартуға бағыт ұстанып отырмыз. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды қолдауға әзірміз. Бізде табиғи газ бен электр энергиясының бағасы төмен,— деген облыс әкімі кореялық тарапты 28-29 қыркүйекте Ақтөбеде өтетін халықаралық инвестициялық форумға қатысуға шақырды.

Сеулде Корея бизнесмендерімен Ақтөбе облысы және Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық бойынша үш меморандумға қол қойылды. Құжаттар мұнайгаз, тау-кен металлургия, сондай-ақ, медицина және медицина өнеркәсібі салаларында жаңа бірлескен жобалардың басталуына жол ашты.

Чунчонпук-до провинциясында облыс әкімі провинцияның губернаторы Ли Си Чжон мырзамен келіссөздер жүргізді. Екі жақ перспективалық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Оңтүстік Корея Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі болып табылады, бұл мемлекет басшыларының деңгейінде жеке сапарлармен бекітіле түсті. Энергетика, өндірістік зауыттардың құрылысы, электроника, авто құрылысы, ресурстар бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастық өте маңызды болып табылады. Денсаулық сақтау, медицина, ғылыми технология, ауылшаруашылығы және орман шаруашылығы, электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық әлеуеті өте жоғары деп ойлаймын, — деді Бердібек Сапарбаев.

IMG-20160727-WA0008

Облыс әкімі өңірде Оңтүстік Кореялық Кангнам Северанс поликлиникасымен тығыз байланыс орнатылғанын атап өтіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және мәдени қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін тығыз ынтымақтастық құруды ұсынды.

— Күріш, арпа, бұршақ, тәтті картоп, женьшень және темекі өсіру бойынша маманданған Чунчонпук провинциясында ауылшаруашылығы жақсы дамыған. Провинцияның аумағында LG Electronics, Nestle Korea, Hanwha және өзге де ірі өндіріс кәсіпорындары орналасқан. Біздің аймақтармен ауыл шаруашылығы, электроника, машина жасау, медицина, жоғары технологиялық энергетика салалары бойынша ынтымақтастықтың жоғары мүмкіндігі бар, — деді Бердібек Сапарбаев. Өңір басшысы кореялық кәсіпкерлерді экономикалық әлеуетімен танысу үшін Ақтөбе облысына шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *