Туризм басқармасының Ақтөбенің сұлу жерлерін көрсеткісі жоқ

Бөлісіңіз

Ақтөбенің Бор тауларына туристерді тартудың қажеті шамалы. Өңірдегі табиғаты сұлу өңірге туристердің жол түссе, барлық әдемілікті құртуы мүмкін. Облыстық сыртқы байланыс және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлының пайымынша, Байғанин ауданындағы Бор тауларға автокөлік жолдарын салудың қажеті жоқ көрінеді.

«Бор таулар өте алыста. Ол жақтарға автокөлік жолдарын салудың қажеттілігін сезініп тұрған жоқпыз. Бір ғана автожолмен туризм мәселесін шешу мүмкін емес, — дейді ол «Тілшінің» сауалына.

IMG-20160731-WA0164

Ермек Кенжеханұлының айтуынша, егер мұндай жерлерге жол тартылса, туристік тартымдылығы бұзылады.
«Кейбір жерлерге жол салудың қажеті жоқ. Жабайы туризм де туризмнің бір түрі», — деп қысқа қайырды ол.

Айта кетейік, осыдан бес жыл бұрын туристік фирма қызметкерлері Бор тауларға арнайы тур ұйымдастырған болатын. Жол жоқ, мобильді байланыс үзіледі. Құмның үстінде автобус бірнеше рет тоқтап қалды. Ішетін су тапшы. Дегенмен, адам аяғы баса бермеген сұлулық барлық қиындықты ұмыттырып жібереді.

Облыстың керемет жерлерін насихаттамақ болған туристік мекемелердің бастамасы кейін аяқсыз қалды.

IMG-20160731-WA0164 IMG-20160731-WA0163 IMG-20160731-WA0166 IMG-20160731-WA0168 IMG-20160731-WA0169 IMG-20160731-WA0170 IMG-20160731-WA0173 IMG-20160731-WA0174 IMG-20160731-WA0175 IMG-20160731-WA0176 IMG-20160731-WA0158 IMG-20160731-WA0159 IMG-20160731-WA0160 IMG-20160731-WA0161 IMG-20160731-WA0162

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *