Ақтөбеде жетімдерге арналған әлеуметтік үй салынады

Бөлісіңіз

Жетімдер мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған әлеуметтік үй облыс орталығының Кірпішті елді мекенінде салынады, оған «Сәби» қоғамдық қоры есебінен 1,2 млрд. теңге бөлінеді.

Әлеуметтік үйде 80 адам, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған интернет мекемелерінің түлектері тұратын болады. Оларға бөлек пәтерлер беріледі. Салынып жатқан әлеуметтік үйдегі бір пәтердің жалпы ауданы 40 шаршы метр.
Тұрғын үйге жақын маңда денсаулығында ақауы бар тұрғындарға жалақы алуға мүмкіндік беретін шағын цех құрылысы жүріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, кондитерлік өнімдер, аяқ киім жөндейтін цех, тігін цехы, ұста және жөндеу цехы, сонымен бірге шаштараз бен массаж орталығы пайда болады.
Әлеуметтік үйде тірек-қимыл аппараттары бұзылған жандар үшін сауықтыру құрал-жабдықтары бар дене тәрбиесі, сондай-ақ релаксациязалдары болады.
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әлеуметтікқұрылыс үй құрылысымен танысып, құзырлы орындарға тапсырмалар берді.
— Біз балалар үйлері мен мамандандырылған мектеп-интернатының түлектерінің тағдырын бақылауда ұстап, оларға жан-жақты көмек көрсетуіміз керек. Ең бастысы – жұмыспен және баспанамен қамтамасыз етуіміз керек, ол үшін бар күшін салу керек, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 70 орынға есептелген Жасөспірімдер үйі бар. Облыстық интернет мекемелерінің түлектері онда 23 жасқа дейін тұра алады. Ал әлеуметтік үйде 16-29 жас аралығындағы түлектер тұратын болады.

«Ақтөбеақпарат» орталығы

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *