Ақтөбелік балғын биші Бибігүл Төлегеноваға хип-хопты мойындатты (ВИДЕО)

Бөлісіңіз

Ақтөбелік балғын биші Жұлдыз Елубаева Алматыда Аружан Саинның бастамасымен қолға алынған «Балапан жұлдыз» тележобасына қатысты. Кішкентай биші өз өнерімен танымал тұлғаларды тәнті етіп келді. Жоба барысында Жұлдызға хореография бойынша жетекшілік еткен хип-хоп бишісі Николай Цзю балғынның биін инстраграмдағы парақшасына жүктейді. Әлеуметтік желіден оны көрген продюсер Алуа Қонарова өзінің клипіне шақыратынын хабарлады.

«Мedia Pro» продюсерлік орталығының жетекшісі Жанаргүл Досованың айтуынша, Жұлдыз бимен үш жастан бері айналысып келеді. Арасында үзіліс жасаған кездері болды. Дегенмен, биден біржола қол үзбеген.

Screenshot_2016-07-26-02-36-38

«Балапан жұлдыз» жобасы аясында Жұлдызға импровизация жасау керек болды. Кез келген әуенге хип-хоп үлгісінде би билеп беру керек болды. Кішкентай биші барлық тапсырманы ойдағыдай орындап, қазылар алқасының мүшелерін тәнті етті.

Қыз балалар нәзік болу керек деп санайтын Бибігүл Төлегенованың өзі осы жолы «жеңілгенін» мойындапты.

Жобаның кезекті сатысында Жұлдыз жақсылық пен жамандықтың арпалысып жатқаны туралы көріністі сомдайды. Одан кейінгі айналымда жетім қыз туралы көріністі ұсынады.

Айта кетейік, кішкентай ақтөбеліктер Аружан Саинның ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен «Балапан жұлдыз» республикалық тележобасына қатысқан болатын.

Screenshot_2016-07-26-02-36-46

Ақтөбе қаласындағы продюсерлік «Media Pro» орталығының балалары ең үздік «Wakeup studio» студиясының шеберлік сабақтарына қатысты.

Аружан Саинның жас таланттарға арналған «Балапан жұлдыз» республикалық тележобасы республикалық «Қазақстан» және «Балапан» телеарналары арқылы көрсетілетін болады.

Республикалық тележобаға соңғы бір жыл көлемінде продюсерлік орталықтың үздік педагогтарынан дәріс алған 8 бала қатысты.

Марат Төлепберген, «Тілші«

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *