Ақтөбе облысында жеке үйлер мен аулалардың жаңбыр суы астында қалуын жоюға шаралар қабылданды

Бөлісіңіз

Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының аумағында мол түскен жауын шашын әсерінен 7 жеке тұрғын үйді (су деңгейі 5-10 см) және 47 аулаларды (су деңгейі 10-20 см) және Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп гимназиясы мен «Самал» балабақшасының жертөлесін жер асты сулары басқан.

Сейфуллин және Интернациональная көшелерінің бойында орналасқан су ағар құбырлары бұзылған.
Жағдайға байланысты Мұғалжар аудандық әкімдігінде жедел штаб құрылды.
Оқиға орнында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жаңабай Бексары, Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов және ТЖД басшысы Бауыржан Сыздықов жұмыс істеуде.
Барлық жағдай толық бақылауда. ТЖД 49 қызметкері, 7 техника бірлігі, 6 мотосорғыш, сондай-ақ, жергілікті атқарушы биліктің құрылымдары жұмылдырылды. 4 баланы қосқанда, 8 адам көшірілді.
4900 текше метр су сорылды. Жұмыстар жалғасуда.
Мұғалжар ауданында екі көпірді су шайып кеткені туралы ақпаратты ТЖД қызметкерлері растаған жоқ.
Ақтөбе қаласында жаңбыр суын сору үшін 50-ден астам адам мен 25 техника жұмылдырылды.
Облыс көлемінде аздаған жауын-шашын, кей жерлерде нөсер жауын күтілуде, қолайсыз ауа-райы ескертілді.

«Ақтөбе ақпарат» орталығы

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *