Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ-та дүрбелең туғызған заң жобасына түсіндірме берді

Бөлісіңіз

БАҚ-та дүрбелең туғызған заң жобасы ҮЕҰ, сарапшылық қоғамдастық, сала өкілдері мен барлық мүдделі тараптардың қатысуымен талқыға шығарылады.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми өкілі Арсен Бектасов хабарлады.

«Жоба Интернетте пікірлер, ұсынбалар, жұртшылықтың ұсыныстарын жинау үшін жарияланды. Сонымен бірге, азаматтар мен мемлекеттік органдардың ескертпелері ескеріле отырып, таяудағы уақытта құжатты data.egov.kz ашық мәліметтер порталында жариялау жоспарлануда, онда кез келген пайдаланушы өз пікірін білдіріп, ұсыныстарын енгізе алады. Алайда жұртшылықтың талқылауы мұнымен шектелмейді. Заңнама талаптарына сәйкес бұл заң жобасы ҮЕҰ, сарапшылық қоғамдастық, сала өкілдері және барлық мүдделі тараптардың қатысуымен талқылауға шығарылады. Заң жобасының түпкілікті нұсқасы жұртшылықтың енгізген ұсыныстары ескеріле отырып қана қалыптастырылады», — деп атап өтті Арсен Бектасов.

Еске сала кетейік, бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу турпалы» заң жобасының құжаттамасы жарияланды, онда пайдаланушы контентімен және жеке мәліметтермен (түсіндірме, оқырмандар хаттары және т.б.) жұмыста заңнаманы сақтау жөніндегі талаптарды енгізу көзделген.

«Журналистерге ақпараттардың шынайылығын тексеру және жеке адам өмірінің мәліметтері мен дербес мәліметтерді жариялауға рұқсат алу ұсынылады», — деп атап өтілген құжатта.

Сондай-ақ «ақпараттық хабарлама» және «баспасөз қызметі» деген түсініктерді енгізу ұсынылады. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңында «ресми хабарлама» ретінде мемлекеттік органдардан алынған ақпарат түсінігі көзделгенін ескере отырып, бұл түсініктерді енгізу мемлекеттік емес сектор тарататын ақпараттарға қатысты құқықтық қолдану тәжірибесін елеулі оңайлатады», — делінген құжатта.

Сондай-ақ БАҚ саласындағы бақылау құзыретін уәкілетті органның аумақтық органдарына жүктеу ұсынылады, бұл БАҚ туралы заңнаманың өңірлерде сақталуына бақылауды елеулі арттырады.

БАҚ саласындағы заңнамаға ұсынылған өзгерістер журналистердің әлеуметтік жауапкершілігін және медиа саласындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдеседі, деп түсіндіреді жобаны жасаушылар.

ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *