Ақтөбедегі шабуылға қатысты үш адам қамалған

Бөлісіңіз

Ақтөбеде маусымның басындағы террорлық шабуылға қатысты үш адам қамауға алынды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, Рустам Гацаев, Акимжан Кусимов және К.Сағынтаев қылмыстық кодекстің «қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру» бабы бойынша күдікті деп танылған.

Ақтөбе қалалық соты күдіктілерді күзетпен бұлтартпау шарасын тағайындау туралы өтініштер бойынша 14 және 14 шілде күндері оларды екі ай мерзімге қамауға санкция берген.

Рустам Гацаевтің анасы Гүлара Гацаеваның Азаттыққа айтуынша, 43 жастағы ұлы Рустамды полиция теракт болған күннің ертеңі — 6 маусымда ұстап әкеткен. Ұсталғаннан кейін онымен кезедсуге туыстары екі рет барған.

5 маусымда Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуыл жасағандардың «радикалдық діни топ өкілдері» болғанын және олардың «шетелден нұсқау алғанын» мәлімдеген.

Copyright (c) 2013. RFE/RL, Inc. Reprinted with the permission of Radio Free Europe/Radio Liberty, 1201 Connecticut Ave., N.W. Washington DC 20036.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *