Испаниядағы бұқалар жарысы — зардап шеккендер бар (ВИДЕО)

Бөлісіңіз

Сан-Фермин мерекесі өтіп жатқан Испанияның Памплона қаласында бұқалардан қашып жүгіру кезінде төрт адам зардап шекті.

Барлық жарақат құлаудан болған, бірде-бір адам өгізден таяқ жеген жоқ. Зардап шеккен жарысқа қатысушылар бассүйек-ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды, енді бірінің қолына зақым келген, деп хабарлайды inform.kz rosbalt-қа сілтеме жасап.

Бірінші жүгіруге 6 бұқа мен мыңға жуық адам қатысқан. 830 метрге созылған бұл жүгіріс 2 минут, 28 секундқа созылған.

Сан-Фермин фестивалі 8 ғасырдан бері жыл сайын тойланып келеді. Коррида және қала көшелерінде бұқадан қашып жүгіру  — фестивальдің ең танымал бөлігі болып саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *