Ақтөбенің журналистері қайырымдылық көрсете бастады

Бөлісіңіз

 

Ақтөбелік БАҚ өкілдері мұқтаж жандарға көмек көрсете бастады. Құрылғанына жарты жыл болған «Ақтөбе ақпарат» орталығы 15 балаға сыйлық толы пакеттер мен «Мега Ақтөбе» кешеніндегі «Happylon» демалыс орталығына тегін сертификаттар тарту етті.

Балалар күні бойы аттракциондарда ойнау мүмкіндігіне ие болды. Мүмкіндігінше, мұндай шараларды жиі ұйымдастыруға тырысамыз, — дейді «Ақтөбе ақпарат» орталығының модераторы Шыңғыс Ілиясов.

Өз кезегінде, жергілікті «Диапазон» газетінің тілшілері де таяуда өздерінің кәсіби мерекелері қарсаңында алған сыйақыларын көзіне отаға жасатқалы отырған кішкентай тұрғынға берді.

Тележурналист Қонысбек Терекұлы да санаулы ай бұрын бастаған шағын кәсібінен түскен қаражаттан көмекке мұқтаж балаларға қаражат үлестіруді көздеп отыр.

5aee58f34eea0859a5235f12f6095577

— Кезінде маған қол ұшын созған жандар аз болмады. Өзімді олардың алдында қарыздар санап келемін. Сондықтан, мен науқасқа шалдыққан балаларға шамам келгенше кірісімнен әрдайым аз да болса қаражат аударып отыруды жөн көрдім, — деді ол «Тілші» интернет-газетіне.

Айта кетейік, журналист Қонысбек Терекұлы бірнеше жыл бұрын онкологиялық дертке шалдығып, пышақ астына түскен болатын. Оған облыс және республика жұртшылығы қаражат жинады.

Марат Төлепберген, Ақтөбе

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *