Марат Ирменов Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД басшысы болып тағайындалды

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысында кезекті тағайындау. ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш облыстық ҰҚК департаментінің жаңа басшысымен таныстырды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін полковник Марат Ирменов Алматы қаласы бойынша ҰҚКД басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ҰҚКД 2011 жылдан бері басқарған Нұрлан Қыдырбаевқа алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы адамдардың алаңсыз жүріп-тұруы және жұмыс жасауы үшін алдымызға халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсат қойды. Біздің облыста барлық күштік құрылымдардың бірлесе отырып, ауызбіршілікпен жұмыс жасауын таяуда болған лаңкестікке қарсы операциялардың нәтижесінен білуге болады. Сіздердің кәсібиліліктеріңіздің арқасында операция бір аптаның ішінде аяқталды. Қазір жағдай тұрақты, — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі департамент жұмысына оң баға бере отырып, оның қызметкерлеріне құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесе отырып жұмыс жасау қажеттігін ескертті.

Марат Төлепберген, Ақтөбе

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *