Боксшы қыздарымыздың тамаша жеңісі

Бөлісіңіз

Астанада өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентиеа Хальзова және Ләззат Күнгейбаева  еліміздің қоржынына алтын медаль салды. Назым ақтық сында қытай боксшысы Юань Ванды жеңді. Есеп 3:0 Бұл боксшымыздың әлем чемпионатында екінші рет алтыннан алқа тағуы. Ол 2012 жылы қола, ал 2014 жылы алтын медаль иеленген. 

Дина Жоламан болса, 54 келі болгар боксшысы Стойка Петровадан басым түсті. Валентина Хальзова қытай спортшысы Хонг Гумен ақтық сында қолғап түйістіріп, жеңіске жетті. Ел қоржынына төртінші алтын жүлдені Ләззат Күнгейбаева салды. Ол финалда американдық Шадасия Гринді тізе бүктірді.

jasqazaq.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *