Ауыл кәсіпкерлерінің үлесі артты

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысатын ауыл кәсіпкерлерінің үлесі  56 %-ға жетті

«Ақтөбе ақпарат» орталығында Ақтөбе облысында 2016 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының орындалу барысына арналған баспасөз конференциясы болып өтті.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Бағжан Тілегеновтің айтуынша, 2016 жылы ауыл кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдауға ерекше назар аударылуда.

— Осы мақсаттарда қаржылық институттар мен екінші деңгейлі банктер арасында белгілі көлемде бірлескен жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдауға ие болған ауыл кәсіпкерлерінің үлесі 56 % -ға жетті, — деп атап өтті Бағжан Тілегенов.

Оның айтуынша, биыл «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржылай көмек көрсету үшін 4,1 млрд. теңге бөлінген. 4 айдың ішінде 58 кәсіпкерлік нысанына қолдау көрсетілді, олардың 28-іне субсидия берілді, 18 жоба кепілге қаржыландырылды, 12 шағын бизнес субъектісі грант алды.

Мақұлданған 58 жобаның 32-сі (немесе 56%-ы) облыс аудандарында, 26 жоба (44%) Ақтөбе қаласында жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдауға ие болуда Мұғалжар, Темір, Хромтау, Алға аудандарының кәсіпкерлері белсенділік танытуда. Қарғалы, Қобда, Ойыл, Мәртөк және Шалқар аудандары орташа қарқынмен жұмыс істеп келеді. Әйтеке би, Байғанин және Ырғыз аудандарында бір-бір жобадан мақұлданған.

«БЖК 2020» бағдарламасы аясында 29 мың кәсіпкерге қаржылай емес қолдау көрсетілді.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасы жетекшісінің айтуынша, биыл «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ауылдық жерлердегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, сонымен бірге кәсібін жаңадан бастап жатқан жас кәсіпкерлерге  шағын несиелендіруге тағы 1,8 млрд теңге қарастырылып отыр.

«Ақтөбе ақпарат» орталығы

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *