Ақтөбеде аудан әкімі «чики-чики» деп танылған қызметкерін қорғап шықты (видео)

Бөлісіңіз

«Шалқарда бəрі чики-чики» деп бүкіл Қазақстанды шулатқан шенеунікке аудан əкімі жақсы баға берді. Ол қызметкерінің Шалқарда бəрі жақсы екенін айтып танымал еткеніне дəн риза.

Ақтөбеде аудан әкімі «чики-чики» деп танылған қызметкерін қорғап шықты.

«Аян Қорқытұлының қателескені рас. Бұл жерде БАҚ-қа рахмет. Қарамағымдағы қызметкердің əрекеті тəртіптік кеңесте қаралды. Өзінің жұмысына сəйкес емес деген баға алды. Азаматымыз сауатты, тəжірибелі маман. Жұмысына қатысты қателігі жоқ. Қате айтылған 1-2 сөзі бар. Оның жұмысына қанағаттанарлық деген баға беремін»,- дейді Шалқар ауданының əкімі Ербол Данағұлов.

«Чики-чики» сөзінің авторы Аян Қорқытұлы қазір де бұрынғы қызметінде, аудандағы жолдарға жауап береді. Аудан əкімі қызметкерім «Шалқарды чики-чики» деп италияндықтар тілінде мақтады деп отыр.

«Чики-чики деген сөзде тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Ол италияндықтар қолданатын термин.»Жақсы»деген мағынаны білдіреді. Шалқарда қазіргі таңда бəрі жақсы», — дейді аудан əкімі.

Естеріңізде болса, «Шалқарда бәрі чики-чики» деген шенеунік желіде күлкіге қалған болатын.

Сонымен қатар аудан əкімі шалқарлықтардың жүйкесіне тиген жолдардың жөнделетінін айтты. Данағұлов ауданға əкім болғалы екі жыл ішінде 10 көшеге жөндеу жасадым деп ауыз толтырып айтты. Биыл жолға 90 млн теңге бөліп, тағы 4-5 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Тұрғындары шатақ мінезімен танымал Шалқар ауданының əкімі Шалқарды кез келген адамның басқара алмайтынын да айтты.

«Егер сенсеңіздер мен жұмысқа таңертең 35 жастағы адам болып кіріп, кешке 75 жастағы адам болып шығамын. Мен шалқарлықтарды жамандамаймын. Халқы жақсы, басшылар жаман болуы мүмкін. Мен халықпен біргемін, олар мені қолдайды. Айтатын жерінде сындарын да айтады. Халыққа ешқандай əңгіме айта алмаймын. Шалқарға басшы болу оңай емес, сырттан келіп басшы болу қиын», — дейді Данағұлов.

Nur.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *